Экология вице-министрі қамауға алынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады.

Алматы, NEGE. «Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді агенттіктен.