Экология министрлігі киікті ғылыми мақсатта аулауға қатысты түсініктеме берді

Экология министрлігі киікті ғылыми мақсатта аулауға қатысты түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. «Ақбөкен популяциясының негізгі параметрлерін – популяциясын, жыныстық-жас құрылымын, өлімін, өсуін, тіршілік ету ортасын шектейтін факторларды анықтау және мониторингтеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайда өсірудің биологиялық және технологиялық негіздерін әзірлеуге, бионегіздеме дайындау үшін Зоология институтымен ғылыми мақсатта алып қоюға квота көзделген. Ол үшін тірі күйінде киік төлін алып, жартылай ерікті жағдайда ұстап, зерттеу көзделген», - делінген хабарламада.

Ғылыми квота Зоология институты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық сияқты ғылыми ұйымдардың өтінімдерінен құралады.

Ақбөкендерді жартылай ерікті жағдайда ұстай отырып, популяцияларының ветеринариялық және физиологиялық жай-күйі зерделенеді.