Экобелсенділер Ван Гогтың әйгілі картиналарына сорпа шашып жіберді

Экобелсенділер Ван Гогтың әйгілі "Күнбағыстар" атты екі суретіне сорпа шашып жіберді, деп жазды 24.kz.

juststopoil.org

Алматы, NEGE. Картиналар Лондондағы ұлттық галереяда ілулі тұрған. Сорпа төккендер қамауға алынды.

Бұл "Джаст стоп ойл" қозғалысының мүшелері. Оқиғадан бірнеше сағат бұрын қозғалыстың өзге мүшелерін бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Олар 2 жыл бұрын дәл осы суреттердің біріне сорпа төккен еді. Ол кезде туындының беті шынымен қапталғандықтан тек жақтауына ғана зақым келген. Бұл жолғы әрекеттерден кейін де суреттер бүлінбеген.

 "Джаст стоп ойл" қозғалысы қазбалы отынды өндіруді тоқтатуға шақырады. Экобелсенділер жыл сайын мұражай мен галереядағы суреттерді бүлдіріп, осылай өздеріне назар аударуға тырысады.


Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?

Қиын жылдар артта қалды. «ҚазТрансОйл» НЕГЕ мәз?