ЭКО арқылы сәби сүйгіңіз келе ме?

Егер Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыссаңыз, яғни, жарна құйсаңыз, жылына бір мәрте ЭКО қызметін тегін пайдалана аласыз. Бірақ бұл бұрынғыдай квота арқылы жүзеге асады. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағалиев хабарлады.

Алматы, NEGE. «Эко» қызметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің ішіне кіреді. Оған жыл сайын квота бөлінеді. Квота бойынша сақтандырылған азаматтар эко қызметін жылына бір рет тегін алады деуге болады», – дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағалиев.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аясында бұрын ақылы болған кейбір медициналық қызметтер тек сақтандырылған азаматтар үшін тегін болады. 

Қосымша пакет немесе МӘМС пакетінің артықшылығы – бұрын ақылы, қымбат болған компьютерлік томография, МРТ, аурудан кейіншгі сауықтыру шаралары, қымбат медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер сақтандыру қорына қатысатын азаматтар үшін тегін болады. Қызмет ақысы сақтандыру қоры арқылы жабылады», – деп түсіндірді бүгінгі баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, бір азаматтан сақтандыру қорына алынатын сома (неше жерде жұмыс істесе де) алты мың теңгеден аспайды. «Тіпті, жалақыңыз 400 мың теңге жалақы алсаңыз да ортақ сома алты мың теңгеден аспайды», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен