“Екінші рет дүниеге келдім”: әуежайда кепілге алынған қыз

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құтқарушысымен бірге түскен суретін жариялады.

Б.Мұхтарованың инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. 23 жасар Ботагөз Мұхтарова ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен бірге түскен суретін жариялап: «Менің құтқарушым! Екінші рет өмірге келуіме Мұса ағам себепкер», – деп жазды.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытпақ болған. Алайда оқиға орнында болған азамат қаскүнемді әңгімеге тартып, оңтайлы сәтте оның қолындағы пышақты тартып алған. Қылмыскердің мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ