Екінші ауысымға сабақ болмайды

Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды.

Алматы, NEGE. «23 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының ақпаратында. Айта кетейік, елордада бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін оқу процесі тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ, қалаға іргелес Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары мектепке бармады. Кеше елордада екінші ауысымдағы оқушылар оқыған жоқ. Синоптиктер 22-24 қаңтар күндері бас қалада ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерткен болатын. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды. 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды