Екібастұздағы өрт: Жас жігіттің денесі табылды (видео)

Бүгін, 26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласындағы автогаз құю бекетінен өрт шықты.

Алматы, NEGE. ТЖД 4 цистернаның жанып жатқандығын хабарлады. Оқиға орнында шамамен 40 газ баллоны болған. Өрт болған аумақтан ер адамның денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

«Автогаз құю бекетіндегі өртті сөндіру кезінде цистернаның жанынан 2006 жылы туған жігіттің денесі табылды. Оқиғаның себебі анықталуда, өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген ТЖД таратқан мәліметте. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен