Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Алматы, NEGE . Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілді. 

Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылды.