Екібастұзда жоғалған жасөспірімдер суға батып кеткен

VITA Павлодар қаласының іздеушілер жасағы іздеу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді.

Екібастұз, NEGE. Балалардың мәйіті табылды. Олар суға түсер алдында заттарын қалдырған орыннан он шақырымдай жерден табылды. Еріктілер балалардың бірі суға бата бастап, ал екіншісі досын құтқаруға тырысып, ақыры екеуі де көз жұмды деп болжайды. «Отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды іздеу жасағы Instagram парақшаларында. Еске салайық, кеше сағат 16:00-де 2005 жылы туған екі оқушы Екібастұздағы жаңа көпірдің жанындағы қазаншұңқырға шомылуға кеткен. Кешкі сағат жеті шамасында олардың заттары жағадан табылды. Іздеуге жүзден астам адам қосылды: полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды