Екібастұзда Төтенше жағдай зардаптарын жедел жою ісі бақылауға алынды
Үкімет мүшелерінің міндеттері – апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу. Төтенше жағдай зардаптарын жедел жою ісі бақылауға алынды.
Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр.
143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді.
21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды.
Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралау жалғасып жатыр.
Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.