29 августа 2023 г. 8:22
Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді
Оқиға болған жерді Полиция басқармасының, әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды.
Қазіргі уақытта күкірт қышқылының ағуын тоқтату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Үшқұлын станциясынан қосымша 5 тонна әк жеткізу жоспарда.