Екібастұзда салафизмді ұстанатын ер адам бұрынғы әйеліне нәжісін жағып қорлаған
29 қаңтар күні Екібастұз қаласының полициясына әйел адам көмекке жүгінген, деп хабарлайды Полиция.
Алматы, NEGE. Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайына жанжал шығарғанын анықтап, қорғау ұйғарымын шығарған.
Алайда 29 қаңтарда 47 жастағы ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан.
Осылайша қорғау ұйғарымын бұзған.
Айта кету керек, ер адам деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы.
Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.