Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға 24 мамыр күні сағат 13.45-те Абай көшесінде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.



Павлодар, NEGE.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2017 жылы туған кішкентай бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. 

Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін хабарлады.

- Операциядан кейінгі кезең  бірқалыпты  өтуде. Көкбауырын алып тастады. Есін біледі, - деді басқармада. 

Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады.