Екібастұзда ер мен әйелдің мәйіті табылды

13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 ж.т. ер адамның  және 1965 ж.т. әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылды. 

Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. 

Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді. 

14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.