Екібастұзда әйел медбике болып жұмысқа тұру үшін жалған диплом жасатқан

Екібастұздық әйел жұмысқа орналасу кезінде 'Емдеу ісі' мамандығы бойынша Қарағанды ​​облыстық жоғары медбикелер колледжі берген жалған дипломды пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды, NEGE. Дипломның жалған екенін Павлодар облысының полицейлері анықтады.

"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды".Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов

Полицейлердің мәліметінше, бүгінге дейін өңірде жалған құжат жасаудың 59 дерегі тіркелген.