3 августа 2022 г. 16:20
Екібастұзда адам өлтірді деген күдікті ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 тамыз күні Королев көшесіндегі үйдің кіреберісінде 41 жастағы азаматтың денесі табылды.
- Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен жедел іздестіру іс-шараларының барысында 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, - деді департаментте.
Пәтерде алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, күдікті қала тұрғындарына пышақ сұғып алған, салдарынан жарақат алған адам сол жерде көз жұмды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.