10 декабря 2023 г. 16:21
Екібастұз жылу электр станциясындағы апат: Су жылыту қазандықтары толық іске қосылады
Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді, деп хабарлайды Хабар-24.
Алматы, NEGE. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.
«Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады», – деп хабарлады жауапты мамандар.
Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.