25 июня 2023 г. 17:52

Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегаты жөнделді

Фото:

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Екібастұз жылу электр орталығындағы екі қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары аяқталғанын  хабарлады.

Алматы, NEGE. Жөндеу жұмыстары Екібастұз ЖЭО-ның екі қазандық агрегатында аяқталды: №7 (күрделі жөндеу) және №9 (ағымдағы жөндеу). №11, №14 және №15 қазандықтарының ескі жабдықтарын бөлшектеу толығымен атқарылды. №12 және №13 қазандықтарында бөлшектеу және ақаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жабдықтарды жаңартумен қатар, станция нысандары да жөнделеді. ЕЖЭО бас ғимаратының жылу контурын қалпына келтіру үшін құрылымға техникалық тексеру жүргізілді, бұзып алып тастауға және ауыстыруға жататын қабырға және төбе плиталарының картасы жасалды. Жұмыстарға өнеркәсіптік альпинистер, мамандандырылған жабдықтар мен техника жұмылдырылған. Жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақтылы жүргізіліп келеді. Бүгінде мұнда 2 400 метрден астам құбыр орнатылған.

Тегтер: