Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы көлігінде өлі күйінде табылды

Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды.

Алматы, NEGE. «4 желтоқсанда сағат 21:25-те «ВАЗ – 21099» автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды», – делінген интернетте тараған хабарламаның көшірмесінде.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.

«Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ (Полиция басқармасы – ҚазТАГ) тіркелген. Тергеу жүріп жатыр», – деп жазылған хабарламада.