Екібастұз ЖЭО бастығының өліміне қатысты полиция түсініктеме берді (видео)

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Алматы, NEGE. Екібастұз қаласының ПБ-да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайын алдын ала анықтадық. 33 жастағы ер адамның денесі Екібастұз гараждарының бірінде жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы бар жеке автокөліктен табылды.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, жағдайлар отбасылық жанжалдың салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.