Екібастұз бен Риддерде коммуналдық тариф көтеріледі

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Екібастұз жылу электр орталығы өтінім берді. Олар тарифті бір мезетте 107 пайыз көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар. Біріншіден, Екібастұз жылу электр орталығының иесі де жауапкершілікті арқалауы керек – инвестиция салуға тиіс. Шығынның бір бөлігі бюджетке, бір бөлігі тұрғындарға түседі. Әділетті тәсіл болу керек,- деді ол.

Қуантыров тарифтердің өсуі Риддерге де әсер ететінін айтты. Баға 1 наурыздан бастап біркелкі көтеріледі. Тұрғындар сәуірдегі жылудың жаңа тарифінде өзгерісті байқайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты