Екі жүк пойызы соқтығысты

Жезқазған қаласында екі жүк пойызы соқтығысты.

Алматы, NEGE. Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ 

Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған.

«Tranco JEZZ» ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

Өскемендегі «Казцинк» зауыты аумағындағы жарылыс: 4 адам ауруханаға жеткізілді

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды