Екі жасар қызды алабай талады, иттің иесі жауапқа тартылмақ

Алматы облысында бүлдіршінге шабуыл жасаған алабайдың иесі жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды

talgarnewskz.

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында бүлдіршіннің бетін, арқасы мен жамбасын тістеп алған ит иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

"ПД соталды тергеу амалдарын бастады. 114-баптың 3-бөлігі, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша иттің иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді округ әкімі Мирас Баймолданов.