Екі павлодарлық үсіп қалды

Павлодарда екі ер адам аязда үсіп қалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Павлодар, NEGE. «1973 жылғы ер адам орташа ауырлықтағы жалпы үсіп қалу диагнозымен терапиялық бөлімге жатқызылды. Ол орташа деңгейде масаң күйде болған», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аязда үсіп қалған екінші ер адам – 1960 жылғы. Ол ауруханаға білегін ІІІ дәрежелі үсік шалу диагнозымен жатқызылған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін