Екі көзі де көрмейтін соқыр жүргізуші куәлігін алды

Ебін тапқан екі асайды. Екі көзің тас соқыр болса да, жүргізу куәлігін алуға болады екен. 2008 жылы екі көзі бірдей көрмейді деп диагноз қойылған науқас оп-оңай бұл құжатқа қол жеткізген. Мұны байқап қалған прокурорлар «бұл қалай?» деп дабыл қағуда.

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, жүргізу құжатына ие болған соқырға ешқандай айып тағылмайды. Ал құжатты берген адам жазаға тартылуы тиіс. Оған әкімшілік жаза қолданылуы немесе пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін.

Ресейдің Орынбор облыстың прокуратурасы сотқа арыз түсіріп, соқырды жүргізу куәлігінен айыруды сұраған. Сот бұл өтінішті бірден қанағаттандырған. Соқырдың бұл құжатқа қалай қол жеткізгенін прокурорлар жіті тексермек.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды