Екі Корея бір-бірін теңіздегі шекараны бұзды деп айыптады

Оған екі елдің Сары теңізде бір-бірінің кемелеріне оқ атуы себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оқиға Оңтүстік Корея әскерилерінің шекараны кесіп өткен көрші елдің сауда кемесіне ескерту жасап, қару кезенуінен басталған. Осыдан кейін Пхеньян Оңтүстік Кореяның әскери теңіз күштерінің кемесі шекараны бұзды деп зеңбіректен 10 рет оқ атқан.

Айта кетейік, соңғы айларда Пхеньян зымыран сынақтарын жиі өткізіп жүр, соның кесірінен түбектегі ахуал қайта шиеленісіп кеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті