Екі қытайлық арнайы қызмет өкілін «сатып» алмақ болыпты

Атырауда екі Қытай азаматы «2 млн теңгеге ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерін «сатып» алуға ұмтылды» деп күдікке ілініп отыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. NEGE. «2019 жылы 9-қарашада Атырау қаласының арнайы тергеу сотының рұқсатымен ҚР ҰҚК департаменті екі қытайлықты арнайы қызмет өкіліне 2 млн теңге пара беру кезінде ұстап, қамауға алды», – делінген хабарламада.

Арнайы қызметтің дерегінше, олар Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктің сотта қаралып жатқан ісі оң шешілуі үшін пара бермек болған. Сондай-ақ әрі қарай қамқорлығына алса, ай сайын 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріп тұруға ұсыныс жасаған. Ұсталғандар кәнісін мойындап отыр. Қазір тергеу амалдары жүруде.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады