Екі елік атыпты

«Алматы облысының екі азаматы еліктерді  заңсыз атқаны үшін күдікке ілінді» деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Алматы, NEGE. 2020 жылғы 26 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркінің мобильді топ инспекторлары рейдтік шара барысында Алматы облысы Кеген ауданы Алматы мемлекеттік қаумалының аумағында Алматы облысының екі азаматы мінген Н.Д. (1981 ж.т.) және К.Ұ. (1981 ж.т.) Хонда маркалы автокөлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында бес пакетке бөліп салынған екі елік аңының жіліктелген еті, «Вепрь» және «Магнум» маркалы екі қару, 12 калибрлі 21 оқ, 223 калибрлі 18 оқ, 308 калибрлі 2 оқ, дүрбі мен әртүрлі пышақтар табылды.

Күдіктілердің айтуы бойынша, олар етті жол бойынан тауып алып, аудандық полиция бөліміне жеткізбекші болған.

Бұл іс Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»