Екі дәрігер және он медбике коронавирус жұқтырып алды
Алматыда коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың көбі – медициналық стационар қызметкерлері.
Алматы, NEGE. Қауіпті дертпен күрескен екі дәрігер және он медбике дәрігерлік міндетін орындау кезінде ауру жұқтырып алған. Қазір олардың ахуалы тұрақты деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы. Осы жағдайға байланысты эпидемиологиялық тексеру ісі басталды.