Екі айлық нәресте коронавирустан айығып кетті

Қытайда екі айлық нәресте коронавирустан айықты. Ол елдегі ем дарыған ең жас пациент ретінде тіркеліп отыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы People Daily басылымына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

«15 ақпанда Гуйчжоу провинциясының ауруханасынан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған төрт адам шығарылды. Олардың ішінде өмірге келгеніне небәрі 67 күн болған нәресте бар. Ол Гуйчжоуда коронавируспен ауырған ең жас пациент еді. Қазір құлан-таза айығып кетті» , делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін