Екі айлық қыз бала көшеден табылды

Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, көкек ана іздестірілуде.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Қарағанды, NEGE.  3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (Қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті