Екі айлық бала Ресейден ауыр жағдайда жеткізілді
Екі айлық бала Ресейден Қазақстанға санавиациямен ауыр жағдайда жеткізілді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы. NEGE. «Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының жәрдемімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Рейсті Қазақстанның денсаулық сақтау және сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
«Нәресте елордаға жеткізілгенге дейін мамандар оның диагнозын алдын-ала зерттеп, келген соң, бірден жедел емдеуді бастады. Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты. Еліміздің медицина қызметкерлері емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады», - деді ҚР СІМ.