Екібастұзда үйінен кетіп қалған жасөспірім дронның көмегімен табылды (видео)

22 қарашада, таңертең 9-сынып оқушысының ата-анасы полицияға түнгі сағат 3-те үйден кетіп, оралмаған ұлын іздеуге көмек сұрады.

Полиция

Алматы, NEGE. Полицейлер тек облыс бойынша ғана емес, көршілес аймақтарға да хабар жіберді.

Сондай-ақ жоғалып кеткен бала туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Іздеуге 300-ге жуық азамат атсалысты: полиция және ТЖ қызметкерлері, еріктілер. Сонымен қатар екі іздеуші ит, тікұшақ, дрон пайдаланылды.

Дрон көмегімен сағат 13:00-де полиция саяжай аумағынан жоғалып кеткен жасөспірімді тапты.

Қазір ол туыстарымен бірге.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты