Екібастұзда су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды

2009 жылы туған жасөспірімнің  мүрдесі оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден табылған.

ТЖД

Алматы, NEGE. Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 2009 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды.

«Баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні таңертеңгілік тапты. Бала Шандақсор жасанды көлінің тыйым салынған жерінде шомылып жүріп суға кеткен», – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?