Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды
Екібастұзда қоқыс жәшігінен адамның мәйіті табылды. Полиция бұл оқиғаға байланысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Астана, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс жәшіктерінің бірінен әйелдің бөлшектенген денесі салынған қап табылғаны туралы ақпарат тараған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Оқиғаның қалай болғаны мен оған не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады полиция.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәлімет жарияланбайды.