Екатерина Бивол ұсталса, экстрадиция мәселесін көтереміз – ІІМ

ІІМ вице-министрі Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы – Екатеринаға халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Журналистер вице-министрден Биволдың жұбайын жауапқа тарту туралы сұрады. Әділовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі қазір Ресей полициясымен байланыста.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазір ол адам халықаралық іздеуде. Біз Ресей полициясымен байланыстамыз. Егер ол ұсталған жағдайда, біз Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесін көтереміз, деді ІІМ вице-министрі Санжар Әділов.

Айта кетейік, Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуына оның әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздар туралы ерсі сөйлегені себеп болған. Астана қаласындағы «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасы Биволды 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды