Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды

Төтенше жағдалар министрлігі екі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдың жабылатынын ескертті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 8 ақпанда сағат 12:40-та ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Бірінші, «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Екінші, «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды