Екі адам қаза тапты – Алматыда тағы да автобус апаты болды

Алматының Медеу ауданында 18 шілдеге қараған түні автобус жол апатына ұшырады. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аталмыш жол апатынан екі адам қаза тапты. 

Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, Toyota жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан.

"Екі адамның өліміне әкеп соққан ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады