5 августа 2022 г. 19:25

«Эйр Астанаға» Fly Arystan рейсін кешіктіргені үшін төртінші рет айыппұл арқалады

Фото:

«Эйр Астанаға» Алматы-Атырау бағыты бойынша «Fly Arystan» рейсін кешіктіргені үшін төртінші рет айыппұл салынды, деп хабарлады азаматтақ авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  «2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесі Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсін 12 сағат 9 минутқа кешіктіргені анықталды. Ал ұшақты осынша уақыт бойы күткен жолаушыларға ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үй ұсыну қызметтері тиісінше ұсынылмаған», - делінген хабарламада.

Әуе компаниясына 4 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) айыппұл салынған.

«Бұл «Эйр Астана» тобын әуе рейсіне жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін өткен айда салынған төртінші айыппұл», – деп атап өтті азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Тегтер: