«Эйр Астана» Қытайға барудан бас тартқан жолаушылардың ақшасын қайтарады

«Эйр Астана» әуе компаниясы Қытайға барудан бас тартқан клиенттеріне ақшасын қайтарып беруге немесе билетті басқа күндерге ауыстырып беруге дайын екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әуе компаниясының Твиттердегі ресми парақшасында 27 қаңтарда жария болды. «Эйр Астана» бұл жағдайда ешқандай айыппұл салатынын хабарлайды. Билетті тек сатып алған жерде қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Сонымен бірге әуе компаниясы  жолаушыларға коронавирусты індет тараған елдерге барғанда қауіпсіздік шараларын мейлінше берік ұстануға шақырады.

Бұған дейін SCAT әуе компаниясы вирус індетінің таралуына байланысты, Хайнань аралына рейсті тоқтатқан еді. Сонымен бірге 27 қаңтарда Алматы-Хайкоу және Нұр-Сұлтан-Санья бағытындағы рейстердің де болмайтыны белгілі болды. 

 «Турістік Қамқор» корпоративті қорының мәліметінше, Қытай аумағында мыңға жуық қазақ азаматы бар. Олардың дені Хайнань аралына демалуға барғандар.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты