Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді
Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«29 сәуір сағат 21:00-ден 30 сәуір таңғы 06:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», – делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Еске сала кетейік, 5-9 мамыр күндері «Электронды үкімет» порталы мен eGov Mobile қосымшасында жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер көрсетілмейді.