Егіс науқаны басталғалы жатыр

15 мамырдан бастап Қазақстанда егіс жұмыстарының науқаны басталады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «15 мамырдан бастап Қазақстанда егіс жұмыстарының науқаны басталады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдегендей, бүгінгі таңда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жердің 70 пайызына егіс егілді.
«Үш астықты өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақ құрамындағы ылғалды жабу жұмыстары аяқталды, егіске дейінгі топырақты өңдеу жүргізілуде», - деді Сапаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?