Египеттен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

10 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

Алматы, NEGE. 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді. 2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Cондай-ақ, 2021 жылдың 9 қаңтарында ПТР анықтамасыз Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?