«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Желіде Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы ақпарат тарады. Осы ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді.

freepik.com

Астана, NEGE. Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан мұндай ақпарат келмеген.

Сондай-ақ бұл өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. Сондықтан оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ға мүше басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді.

«Комитет тарапынан өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аталған өнім елдің сауда орындарында анықталған жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдері дүкен сөрелерінен HiPP балалар тағамы анықталған жағдайда комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлауды сұрайды.