Эфиопияға бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Эфиопия аймағының тұрғындары соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Алматы, NEGE.  Ұйымның жаңа баяндамасында Эфиопиялық Тыграй аймағының әскери қақтығысынан зардап шеккен тұрғындарының 70 пайыздан астамы жарытып тамақ жемейді делінген. БҰҰ-да қабылданған жіктеуге сәйкес, өңірдің 350 мың тұрғыны аштыққа жақын, бұл азық-түлік тапшылығының соңғы, бесінші кезеңі. БҰҰ-ның хабарлауынша, соңғы онжылдықта бірде-бір елде аштық алдында тұрған адамдардың қарасы мұндай көп болмаған. Эфиопияның солтүстігінде 5,5 миллион адам тамаққа жарымай отыр. Қақтығыстан ауыл тұрғындары қатты зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде