Эфиопия билгі Тыграйдағы әскери операция аяқталғанын мәлімдеді

Эфиопия әскері Тыграй аймағының орталығы Мэкэле қаласын бақылауға алып, бүлікшілерге қарсы операцияны аяқтады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Абий Ахмед Әли мәлімдеді. Билік ендігі мақсат – қирап-бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, босқындардың үйлеріне оралуына жағдай жасау дейді. Эфиопияда үкімет әскері мен «Тыграйды азат ету майданы» арасында қақтығыс қарашаның 4-і күні басталған. Оған үкіметтің қыркүйекте өтуі тиіс жалпыұлттық сайлауды індеттен кейінге шегеруі себеп. Автономды аймақ шешімге бағынбай сайлауды өткізген еді. Салдарынан әскери қимылдар басталып, 4 аптаға созылған қақтығыстан 40 мыңнан аса бейбіт тұрғын босқынға айналды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды