2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден Әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден финалдық кезеңде өнер көрсетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада үздік ондықтың қатарына енді.

Ким мен Болатова бұл бағдарламада төрешілердің шешімімен 199.8050 ұпай жинап, жетінші орынды иеленді.

Ал бірінші орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Күміс жүлде Испания құрамасына тиесілі болса, италиялық жұп қола жүлдеге ие болды.