Эдуард Ещенко стендте атудан Олимпиада ойындарына жолдама алды

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетелік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?