Еділ Қожамбердиев қарсыластан басым түсті

Sports.kz

Алматыда өткен бокс кешінде чемпиондық атақ үшін кездесу өтіп, онда қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) түрік Хамза Гюнешке (6-0, 4 КО) қарсы шықты, деп хабарлайды  сайты.

Алматы, NEGE. Ауыр салмақтағы алғашқы кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Боксшылар крузервейттегі UBO Inter-Continental чемпионы белдігі үшін бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Гюнеш бірінші раундта екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Еділ Қожамбердиев өзінің бокстағы карьерасында 11-ші рет жеңіске жетіп (11 кездесуді де нокаутпен жеңді), екінші дәрежедегі чемпиондық белдікті жеңіп алды. Ал Хамза Гюнеш кәсіби бокста алғаш рет жеңілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр