«ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді

Елордада 3 маусым күні «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді.

Алматы, NEGE. «ECOJER» қауымдастығының мәліметінше, бірінші Халықаралық экологиялық конгресс «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» ұранымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтеді.

Конгрестің мақсаты - экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу. Іс-шараға министрліктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, эко-белсенділер, халықаралық даму институттарының өкілдері және басқалар қатысады. Конгресс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты